КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.19.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 18:37
Алматыда Франкофони күндері өтіп жатыр
      АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Қазақстандағы Франция елшілігі мен Француз  Альянсы және француз тілінің оқытушылары мен ұстаздары Республикалық қауымдастығының бірігіп ұйымдастыруымен  наурыздың 12-нен 20-на дейін Франкофони күндері өтуде, 

   деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Франкофони күндері аясында жастар рухын дамыту, жас өскіннің шығармашылық талпынысын қалыптастыру, талантты жастарды қолдау мен олардың  мәдени және білім деңгейін арттыру мақсатында әр түрлі байқаулар мен викториналар, студенттер арасында олимпиадалар ұйымдастырылды. Апта бойы француз тілін үйрететін,  балалар мен үлкендерге арналған танымдық шаралар, сурет көрмелері, француз тілінде көркем сөз оқушылар байқауы өтуде.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараға қазақстандық жастар  қызығушылықтарын танытуда. 
         Франкофони қоғамдастығы бес континентте 50-ден аса елдерді біріктіреді. Француз тілі бүкіл әлемде көп таралған тілдердің бірі.

         Франкофони күні- бұл  француз тілінде сөйлейтін елдердің мейрамы. Ұйымның негізгі мақсаты - француз тілін сүюшілердің басын біріктіру, француз және франкотілдес елдердің мәдениетін тарату және танымал болуына жәрдем беру. Бұл мереке күндері ғылыми конференциялар, филологиялық семинарлар, концерттер, таныстырылымдар, пікірсайыстар және тағы да басқа шаралар өтеді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.