КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.52.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 18:18
Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар оспаналиев/ - Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы- Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті,

деп хабарлайы ҚазАқпарат.

Онда «Болашақ» бағдарламасының мақсат-міндеттері жөнінде сөз қозғаған Мемлекеттік хатшының айтуынша, аталмыш бағдарлама Елбасының Қазақстанды әлемдегі дамыған, әрі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көрінуі бағытындағы саясатын жүзеге асыратын білікті кадрлар қалыптастыруға бағытталған. «Еліміздің дамуы мен экономикамыздың өрлеуі мемлекетіміздің болашағы жастардың білім, біліктілігі мен іскерлік қабілеттеріне байланысты», деді Қ.Саудабаев.

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, 2010 жылдың ақпан айының 13-і мен 26-сында өткен конкурстық іріктеулердің қорытындысы бойынша халықаралық «Болашақ» стипендиясын табыс ету үшін республикалық комиссияның қарауына 196 үміткердің құжаттары келіп түскен. Олардың 135-і өз бетімен шет мемлекеттердегі оқу орындарына түскен үміткерлер ретінде сынға түсті. Ал 61 үміткер жалпы курстар бойынша іріктелген. Барлық үміткерлердің 22-сі бакалавриат, 41-і магистратура бағдарламалары бойынша, ал 133-і ғылыми тәжірибеден өтуге ниет білдірді. Үміткерлердің ең көбі, яғни 55-і Ұлыбританияда, 50-і Ресейде, 31-і АҚШ-та білім алуға ниетті екендіктерін білдірді. Ал қалғандары Польша, Испания, Словакия, Швейцария, Канада, Австралия, Малайзия, Сингапур, Германия, Франция, Бельгия, Италия, Корея, Литва, Украина, Чехия сияқты елдерде оқуға құлықты болып шықты.

Үміткерлердің көбі «Кәсіптік білім берудің теориясы мен методикасы», «Педагогикалық диагностика, білім сапасын басқару мен бағалау», «Шығыстану», «Ақпарттық технологиялар мен жүйелер», «Экология», «Құқық», «Білім беру саласындағы басқару», «Экономика», «Биотехнология», «Мемлекеттік саясат», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Менеджмент» және медицина салалары бойынша білім алуға ықылас танытып отыр. Осыған қарай республикалық комиссияның қорытындысы бойынша «Болашақ» стипендиясын 139 үміткерге тапсыру қажет деген шешім қабылданды. Аталған азаматтардың басым көпшілігі шетелде ғылыми тәжірибеден өтуге барады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.