|
19 Наурыз 2010, 17:43 Оралдағы Наурыз мейрамында Ұлы Отан соғысының ардагері бата берді ОРАЛ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биылғы Наурыз мерекесін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы да кең көлемде атап өтті. Басқарма бастығының орынбасары Назгүл Жабасованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл жолы мерекеге Шыңғырлау, Ақжайық, Тайпақ және Орал орман шаруашылығы мекемелері арнайы келіп, концерт қойды. Сондай-ақ еңбек ардагерлері де бас қосып, ұлағатты сөздерін айтты. Әсіресе, Ақжайық ауданынан келген Ұлы Отан соғысының ардагері, тоқсанды алқымдаған Қаламсия Ермекованың батасы жиналғандарды ерекше риза етті. Әңгімесін өлеңмен көркемдеп отыратын әжей естеліктерін де айтып, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, Елбасымыз бастаған еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деп ақ тілегін білдірді. Пiкiрлер (0)
|
|