КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.26.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 17:21
Батыс Қазақстанда бөлшек сауда айналымы 16,1 пайызға артты
ОРАЛ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айда 13,9 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды, бұл өткен жылғы қаңтар-ақпандағыдан 16,1 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, 5,8 млрд. теңгенің бөлшек тауарын сауда кәсіпорындары өткізсе, 8,1 млрд. теңге базарлар мен жеке кәсіпкерлер үлесіне тиеді. Сауда кәсіпорындары сауда көлемін 5,6 пайызға көбейтсе, базарлар мен жеке кәсіпкерлер 24,9 пайызға өсірді.

Сыртқы сауда айналымы қаңтар айында 172,7 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылғыдан 64,6 пайызға ұлғайды. Соның ішінде экспорт 121,5 млн. (өсім - 2,6 есе), импорт 51,2 млн. долларды құрап, бұл 12,7 пайызға төмендеді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.