КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.56.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 17:15
Алматыда суретші Зухра және Юнус Ибраимовтардың «Арман қанатында» атты көрмесі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында суретші Зухра және Юнус Ибраимовтардың «Арман қанатында» атты көрмесі ашылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас суретшілер әрбір көрме сайын сұлулық пен даналық құпияларына терең бойлап, қыл қаламдарын ұштай түсуде. Юнус кескін суретке, ағашқа өрнек күйдіріп салуға бейім. Ал Зухра болса графикаға, батикке - матаға көркем ою-өрнектер салып әшекейлеуге және өз шығармашылығында әр түрлі әдістерді, материалдарды пайдаланып, жиі сынақтар жасауға құштар.

Юнустың еңбектерінде туған ел табиғатының сұлулығын паш ететін пейзаждар бейнеленген. Сонымен қатар өзбек ауылының өмірінен алынған ашық түсті әшекейлі гүлдер мен шоқтай жанған натюрморттар, портреттер, этнографиялық кенеп суреттері, жанрлық сахналар және тағы басқа еңбектері көз тартады. Жалпы бүгінгі көрмеге олардың 60-қа жуық жұмыстары қойылған.

Сондай-ақ суретшілер жаңа бағыттағы қабырғаға көркем ою-өрнек салу тәсілін де меңгерген.

Ерлі-зайыптылар Ташкент қаласындағы П.П. Беньков атындағы көркемсурет училищесінен білім алған.  2005 жылы Қазақстанға көшіп келген жұбайлар, қазіргі уақытта «ARTJAS» бейнелеу студиясында сабақ береді.

Суретшілердің еңбектері Өзбекстанның, Ресейдің, Қазақстанның, АҚШ-тың, Латвияның, Италияның жеке коллекцияларында қойылған.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.