|
19 Наурыз 2010, 17:08 KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 146,93/146,95 теңге, еуро - 200,15 теңге, рубль - 5,0239 теңге АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті. USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 23 мүшесі, своп-нарықта - 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі. АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,94 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 69 470 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 146,93/146,95 теңге. Спот-нарықта: - Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 200,15 теңге, сауда көлемі 15 000 мың еуро; - Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ. Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 5,0239 теңге, сауда көлемі 108 800 мың рубль болды. Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 68 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,02 теңгені құрады. - USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 30 000 мың USD болды. - EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ, - EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. Пiкiрлер (0)
|
|