КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.09.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 16:57
Оралда Наурызды мерекелеуге өзге ұлт өкілдері де белсене қатысуда
ОРАЛ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда Наурызды мерекелеуге өзге ұлт өкілдері де, қоғамдық ұйымдар да белсене қатысуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен наурыздың 19-ында өткізілген «Армысың, әз Наурыз!» атты шараға түрлі ұлт өкілдері қатысты. «Наурыз-думан» әнімен басталған шара қазақтың салт-дәстүрінің бірі - құда түсу көрінісіне ұласты. Қазақтың ұлттық ойындары мен  салт-дәстүрлеріне түсінік беріліп, "құда тусу" салты көрсетілді. «Қыз мұраты - кету», «Қызды кім айттырмайды», «Екі жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар», «Адам болар жігіттің жары өзіне лайық, керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық», «Сізде лашын болса, бізде сұңқар бар, сол сұңқарға лашынды іліктіргелі келдік» деген сияқты мақал-мәтелдер сабақтың әрін аша түсті. Полиция қызметкерлері Мария Коловертнова, Диляра Сатарова, Ирина Севрюгина, Юрий Полунин, Оксана Прошина, Леонид Куриленко, Ольга Сұлтанова Наурыз туралы өлеңдер оқып, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Сәлімжан Әубәкіров пен ІІД жедел басқару орталығының жедел кезекшісі Сисен Сертеков ән салып, күй шертті. Сабақ полиция аға лейтенанты Рустам Халиловтың ұлыстың ұлы күніне арнаған батасымен аяқталды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.