
|
19 Наурыз 2010, 16:46 Қазақстан ЕурАзЭҚ елдероінің Кеден одағына қосылу ниетін құптайды - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары ![]() АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Қазақстан Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ) елдерінің Кеден одағына қосылу ниетін құптайды. Бұл туралы журналистермен сұхбатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев айтты. Ө.Шөкеевтің айтуынша, Орталық Азияның бірқатар елдері, атап айтқанда, Қырғызстан мен Тәжікстан Кеден одағына кіруге тілек білдірді, олар қазірдің өзінде ресми өтінімдерін жолдады, бірақ та кейбір қиындықтар бар, оларды зерделеу қажет. «Қазақстан ЕурАзЭҚ елдерінің Кеден одағына кіру ниетін құптайды», деп атап өтті Ө.Шөкеев. Пiкiрлер (0)
|
|