
|
19 Наурыз 2010, 16:27 Жас журналистердің биылғы медиафестивалі Жолдауды насихаттауға арналып отыр ![]() АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бақытты жұлдыздың астында!» атты жас журналистердің VI медиафестивалінің ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Балалардың ақпараттық кеңістігі: кәсіпқойлық, шығармашылық, ресурстар» тақырыбында ұйымдастырылып отырған биылғы фестивальдың негізгі мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын жан-жақты насихаттау. Фестиваль аясында кәсіби мамандар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас журналистерге шеберлік сыныптарын өткізеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдарының одағы және «Нұр Отан» ХДП-сы. Пiкiрлер (0)
|
|