|
19 Наурыз 2010, 16:22 Ресейдің Мемлекеттік Думасы мен Қазақстан Парламентінің Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы Палатааралық комиссияның отырысы өтеді АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Наурыздың 25-і күні Парламент үйінде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасы мен Мәжіліс арасындағы ынтымақтастық туралы Палатааралық парламенттік комиссияның сегізінші отырысының ашылатыны жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сол күні ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Палатааралық парламенттік комиссияның мүшелерімен кездесетіні де қарастырылған. Комиссия жұмысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жалғасып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына қатысты мәселелер талқыланады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мен Мемлекеттік Думаның ҚР Парламентімен байланыс жөніндегі депутаттық тобының мүшесі Валентин Чернявский Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойының өткізілуіне қатысты баяндайды. Пiкiрлер (0)
|
|