КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.28.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 16:34
Лондондық экономика және саяси ғылымдар мектебінде қазақстандық студенттердің кездесуі болды
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның жетекші оқу орындарының бірі - Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде қазақстандық студенттердің кездесуі өтті, оны Ұлыбританияда оқып жатқан қазақстандық студенттерді біріктіретін қоғамның белсенділері және «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары ұйымдастырды,

деп хабарлады «Болашақ» ақапараттық-сараптамалық порталы.

Кездесуге қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысты және саяси пікісайыс түрінде өткен басқосуда оны жүзеге асырудың жолдары мен ықтымал тетіктерін талқылады.

Басқосудың модераторы - Лондон университеті колледжінің магистранты Зейнолла Қалымбетовтің айтуынша, студенттер Отанның болашағы үшін өздерінің жауапкершілігін сезіне отырып, Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерді орындауға үлес қосу үшін өздерінің әзір екендіктерін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша оған қатысушылар Қазақстанның экономикалқ дамуының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар топтамасын әзірлеп, «Болашақ» қауымдастығының сараптамалық кеңесіне жолдады.

Осы шара барысында сондай-ақ «Болашақ» қауымдастығының, елдің орнықты дамуын қмтамасыз ету үшін қазақстандық жастардың интеллектуалдық әлеуеті мен тәжірибесін, күш-жігерін біріктіруге бағытталған Қаумдастықтың қоғамдық жұмысы қызметі таныстырылды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.