КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.23.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 15:39
Ақмола облысында «Допинг» іс -шарасы барысында он келі есірткі заты тәркіленді
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде өткізілген брифингте атап көрсетілгендей, наурыздың 10-ы мен 17-сі аралығында өткізілген республикалық «Допинг» іс -шарасы барысында есірткімен байланысты 64 қылмыстық әрекет тіркеліп, он келі есірткі заты тәркіленген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағанбетовтың айтуынша, маңызды шараға ішкі істер департаментінің барлық құрылым қызметкерлері, халық жасақшылары, жастар бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері жұмылдырылған. Нәтижесінде заңсыз есірткі айналымына қатысты 41, жүйкеге әсер ететін дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға орай -2 қылмыстық іс қозғалған. Аз мөлшерде есірткі сақтауға орай 21, лицензия берудегі заңсыздыққа -2 әкімшілік тәртіпке шақыру шарасы қолданылды. Осы уақытта есірткімен байланысты жұмыс жасайтын 12 емдеу-алдын алу мекемесінде, 14 дәріханада, 8 өнеркәсіп орнында тексеріс өткізілген. Соның барысында Щучье қаласындағы «Орталық дәріханада» жүйке ауруына берілетін «Нозепам», «Фернобарбитал» дәрілері заңсыз босатылғаны анықталды. Степногор қаласында 1750 келі «Натрий Цианитін» сақтау хауіпсіздік ережесі бұрмаланған. Осындай әрекет «Құнарлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де орын алған.  Көкшетау қаласындағы «Сабантой» мейрамханасында есірткі саудасы оқиғасы анықталды.

Жалпы, ағымдағы жыл басынан бері есірткімен байланысты 114 қылмыстық оқиға тіркеліп, заңсыз айналымнан 35 келі көкнәр тәркіленген.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.