|
19 Наурыз 2010, 15:49 Көкшетауда университет оқытушыларына арналған тұрғын үйдің қазығы қағылды КӨКШЕТАУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін «Орталық» ықшам ауданында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұстаздарына арлған тұрғын үй құрылысының алғашқы қазығы қағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осынау маңызды нысан құрылысын жүргізу жауапкершілігі Қостанайдың «Ерлан» ЖШС-не сеніп тапсырылып отыр. Серіктестік жетекшісі Талғат Жаулыбаевтың айтуынша, бес қабатты нысан құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, өз қалауына қарай ұстаздар қауымының отбасы екі, үш, төрт бөлмелі үйлерде қоныс тойларын атап өтпек. Ауласы көгалдандырылып, балалардың ойын алаңы ескерілген. Жаңа баспана несие-қайтарым жүйесі бойынша ұсынылатын болады. Бүгінде еліміздің әр түкпірінен шақыртылған 40-қа жуық профессорлар мен ұстаздар қауымы баспанасыз көрінеді. Оның сыртында, жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрғандар да баршылық. Дегенмен жаңа құрылыс біраз мәселенің шешімін табуға септеспек. Пiкiрлер (0)
|
|