КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.46.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 16:12
Голливуд жұлдызы Антонио Бандерас БҰҰ Даму бағдарламасының ізгі ниет елшісі болып тағайындалды
 АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Антонио Бандерас БҰҰ Даму бағдарламасының ізгі ниет елшісі болып тағайындалды.

Атақты актер халықаралық деңгейде кедейшілікпен күреске, әйелдердің құқықтарын кеңейтуге, қоршаған ортаны қорғауға қолдау көрсетеді, деп хабарлады бүгін БҰҰ Даму бағдарламының Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі.

«БҰҰ Даму бағдарламасы испандық актер Антонио Бандерасты кедейшілікпен күрес жөніндегі ізгі ниет елшісі етіп тағайындағанын жариялады. Өзінің жаңа жұмысында Антонио Бандерас Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізуге, 2015 жылға дейін кедейшіктің тең жартысын қысқартуға бағытталған жаһандық деңгейдегі міндеттерге, аштықпен,  аурулармен, сауатсыздықпен, қоршаған ортаның ластануымен және әйелдерді кемсітушілікпен күрес мәселелеріне   баса назар аударады», - делінген ресми хабарламада.

«Кедейшілік адамның әлеуетін дамытуға кедергі келтіреді, оның мақсатына жетуіне мүмкіндік бермейді, - деді Бандерас, - Сондықтан да кедейшілікпен күреске барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз, оған бізде білім де, құралдар да, бұл мақсатқа қол жеткізетін ресурстар да бар».


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.