КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.51.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 16:04
«Театр көктемі» фестивалі өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматыда наурыздың 23-27 күндері Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында дәстүрлі  «Театр көктемі-2010» фестивалі өтеді,

деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурыз мерекесі мен Халықаралық театр  күніне орай дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шара биыл 11-ші рет өтпек. Биыл ол Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбира Майқанованың рухына арналып отыр.  Фестивальде Ү.Ғаджыбековтің «Аршын-Малалан» мюзиклі, Т. Жүженоғлының «Көшкін» әфсанасы, М. Байджиевтің «Қылмыс» драмасы, Т. Нұрмағамбетовтің «Қожанасыр тірі екен» комедиясы және Д. Исабековтің «Мұрагерлер» драмасы қойылмақ. Олардың соңғысы осы шара кезінде тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылғалы отыр. 

Сәбира Майқанова 1914 жылы қаңтардың 1-інде  Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 1932 жылы  Қазақ драма театрына қабылданған әйгілі сахна шебері  1936 және 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне және  1973 жылы Иранның Шираз қаласындағы 2-ші халықаралық театр фестиваліне қатысқан. 1995 жылы өмірден озған әйгілі сахна саңлағының туғанына биыл 96 жыл болды.  Ал ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының  Венада өткен ХІ-ші конгресінде наурыздың 27-сі деп бекітілген Халықаралық театр күні   1962 жылдан бері атап өтіліп келеді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.