|
19 Наурыз 2010, 16:08 Қазақстанның аспаздар командасы халықаралық байқаудың Бас жүлдесіне ие болды КӨКШЕТАУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Негізі Көкшетаудағы «Дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің маман аспаздарынан жасақталған еліміздің командасы Екатеринбург қаласында өткен төртінші халықаралық аспаздар байқауында Бас жүлдеге иелік етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Команданы бастап барған серіктестік жетекшісі Елена Мащинскаяның айтуынша, осынау салиқалы сайысқа әлемнің он елінен 300-ге жуық аспаз қатысып, бақтарын сынаған көрінеді. Бұл жолы байқау «Ұлттық тағам - дәстүр жалғасы» тақырыбымен өтіп, үміткерлер бес аталым бойынша бас жүлдені сарапқа салған. Еліміздің тағам дайындау шеберлері қазылар алқасының жоғары бағасына иелік етіп, ең көп ұпай жинаған. Сонымен бірге, сайыста бес шеберлік түрінің ішінде «Сервеистік қызмет» бойынша Абай Үйсімбаев алтыннан алқа тағып, әріптестерін қуанышқа кенелткен. Пiкiрлер (0)
|
|