КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.42.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 15:44
Ағымдағы жылдың қазан айына дейін Тілдерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданады
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың қазан айына дейін Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми конференция барысында баяндама жасаған ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі күні министрлік тарапынан тілдерді дамыту тұжырымдамасының негізгі 12 бағыты анықталған. «Тұжырымдама жасалу үстінде. Бірақ, биылғы жыл Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының   (2001-2010 ж) соңғы жылы.  Сондықтан да, алдағы бағдарлама жобасы мамыр айына қарай жарыққа шығады, оны баспасөзге жариялайтын боламыз. Бұл тұжырымдаманы жетілдіруге тілге жанашыр азаматтардың барлығы қатыса алады. Содан кейін, біз ағымдағы жылдың қазан айына дейін 2011-2020 жылдарды қамтитын мемлекеттік бағдарламаны қабылдауға тиіспіз», деді министр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.