КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.14.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 14:49
Ресейлік математик Григорий Перельманға Мыңжылдық сыйлығы тағайындалды
АСТАНА.  Наурыздың 19-ы.  ҚазАқпарат -   Ресейлік математик Григорий Перельманға  Мыңжылдық сыйлығы тағайындалды,  деп хабарлайды  «Маяк»  радиосы.   

Бұл туралы АҚШ-тың Кембридж    қаласындағы   Клей   атындағы Математикалық институттан    хабарлаған.  Бұл награда ресейлік ғалымға    Пуанкаре гипотезасын  дәлелдегені  үшін    тағайындалып  отыр,  делінген   институттың  ресми  сайтында. 

Клей  атындағы институттың    шешіміне    түсінік берген     оның жетекшісі Джеймс Карлсон,   «Пуанкаре   гипотезасын    дәлелдеген  Перельман мырза,   бір ғасыр бойы   шешімі  табылмай  келген  сұраққа  жауап бергенін»  айтып отыр.

1904   жылы    француз математигі   Анри  Пуанкаре   түйіндеген    бұл гипотеза     Клей атындағы институт  шешімі   үшін  1  миллион  доллар көлемінде ақшалай  сыйлық уәде еткен     жеті   «мыңжылдық есептің»    қатарына кіреді.   Ресейлік  ғалымға  2006  жылы    жоғары математикалық награда  - Филдс   сыйлығы   тағайындалған  болатын,  бірақ     Перельман  оны алудан   бас тартқан еді.

Ғалымның  Клей атындағы институттың  Мыңжылдық  сыйлығын  алудан   бас тартқан-тартпағаны   туралы әзірге ақпарат жоқ. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.