КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.20.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 14:37
Үлкен андрондық коллайдер рекорд орнатты
АСТАНА.  Наурыздың  19-ы.  ҚазАқпарат - Үлкен  андрондық коллайдер  жаңа рекорд орнатты. 

 Ол  тұңғыш рет    протон шоғырларын жобалық   қуаттың  жартысына  дейін     айдады,  деп хабарлайды РСН агенттігі.

Жоспарға сәйкес,  ғалымдар  жақын  күндері бөлшектерді    бір-біріне   қарсы  соғады. Ол процестен туындайтын  энергия   7 тераэлектронвольтты құрайтын болады, дейді ғалымдар. 

Женеваның  маңында,    швейцария-француз шекарасында салынған   коллайдер    протон шоқтарын  қарсы  күшпен  айдайтын  күрделі    кешен.    100 метр тереңдікке   салынған 27   шақырымдық    шеңберден   тұратын      құрылыста    протон   шоқтарын  айдау үдерісін   53 жоғары магнит өткізгіші басқарады.  2008 жылдың    қыркүйек  айында       алғаш іске қосылған  кезде, коллайдердің магнит жүйесінен  ақаулар  табылған еді.  Соның салдарынан     жөндеу  жұмыстарын   жүргізу  үшін коллайдердің жұмысы  тоқтатылған болатын.  Коллайдер  былтыр  қараша айында қайта  іске қосылды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.