КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.49.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 14:30
Мемлекеттік тілді дамытудың алдағы бағдарламасында кемшілік кетпеуі үшін бұны бірнеше министрліктер бірігіп әзірлеуі тиіс -М. Құл-Мұхаммед
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекеттік тілді дамытудың алдағы бағдарламасында кемшілік кетпеуі үшін бұны бірнеше министрліктер бірігіп әзірлеуі тиіс. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми конференция барысында баяндама жасаған ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік тілді дамытудың алдағы он жылында атқарылатын шаралар негізгі 11 бағытқа топтастырылып отыр. Соның ішінде бірінші бағыты - балабақшадағы қазақ тілін үйрету мәселесі болып табылады. Бұл бағыттағы шаралар Елбасының тапсырмасымен әзірленіп жатқан «Балапан» бағдарламасымен сәйкестендіріліп, жаңа жұмыс жоспарлары белгіленетін болады. Соған сәйкес, біз балабақшадағы қазақ тілін оқыту мәселесін, әсіресе өзге ұлт өкілдері тәрбиеленетін балабақшадағы қазақ тілін оқытуға ерекше назар аударылады», деді М. Құл-Мұхаммед.

Сонымен бірге, министр биылғы жылы межесі аяқталатын тілдерді дамыту бағдарламасына тоқтала отырып, онда жеткен жетістіктер де баршылық екендігін, бірақ кемшіліктер де болып тұрғанын жеткізді.  «Алдағы онжылдықта өткен кезеңдегі кемшіліктерді болдырмау, оған жол бермеу қажет, ал бұның бірден бір тәсілі - бағдарлама бір ғана министрлік тарапынан әзірленбеуі керек. Бұған бірнеше министрліктер атсалысқаны игі, оның ішінде Білім және ғылым министрлігі кеңінен араласуы шарт. Бұл ретте, алдағы бағдарламада біз балабақшадағы, мектептегі, ЖОО-дағы қазақ тілін оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлейік деп отырмыз. Өйткені, тілді меңгеру адамның жас кезінде әлдеқайда тиімді де сіңімді болады», деді министр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.