КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.17.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 14:12
Еліміздегі балалардың 32,7 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Еліміздегі балалардың 32,7 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми конференция барысында баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өз сөзінде министр еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде қазақ тілінің мәтебесін нығайтуға игі ықпалын тигізген жұмыстарға тоқталып өтті. Мәселен, Ж. Түймебаевтың сөзіне қарағанда біріншіден, елімізде қазақ тілінде білім беретін оқу орындарының желісі кеңейтілген. Екіншіден, қазақ тілінен басқа тілдегі мектептерде, ЖОО-дағы орыс тілінде білім беретін топтарында қазақ тілінің оқу сағаттары артқан. Үшіншіден, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытатын мамандар даярлығын көлемі өсті. Төртіншіден, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге оқуға үміткерлер үшін қазақ тілінен емтихан тапсыру талабы енгізілді. Бесіншіден, ұлттық біріңғай тестілеу барысында қазақ тілінен басқа тілде оқытылатын мектеп түлері қазақ тілінде тест тапсыратыны жолға қойылды.

«Жалпы, туған тіліміздің өрісін кеңейтіп, өресін биіктететін аса пәрменді тетіктердің бірі қазақ тілінде білім беретін ұйымдардың көбеюі болмақ. Бүгінгі күні республикада 4 мың 972 балабақша мен шағын орталықтар қызмет етеді, онда еліміздегі балалардың 32,7 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Мектепке дейінгі тәрбие беретін ұйымдардың 65,2 пайызында қазақ тілінде тәрбиелеу жүргізіліп отыр», деді Ж. Түймебаев.   Оның айтуынша, соңғы он жылда қазақ тілінде тәрбие беретін ұйымдар қатары 2 мың 260-қа артқан. Ал соңғы үш жылда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 10 мекеменің жұмысы толықтай қазақ тіліне көшірілген.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.