|
19 Наурыз 2010, 13:58 Ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығы туған жерінде алдағы күзде аталып өтілмек ОРАЛ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда ақиық ақын, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, мемлекет және қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығы алдағы күзде кеңінен аталып өтілмек. Осыған байланысты туған жері Ақжайық ауданында әзірлік жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімдігі мерейтой қарсаңында ақын туралы естеліктер мен өлеңдердің бас-аяғын жинақтап, көлемді кітап шығаруды ойластырып отыр. Ал аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі «Муза» шығармашыл оқырмандар отауы «Күллі әлемге Қазақ атын әйгілеген Азаматым» атты жыр мүшәйрасын жариялады. Оған қатысатын талапкерлердің жасына шек қойылмайды. Жыр бәйгесі Жұбан ақынның мерейтойына байланысты өтетін кітапханашылардың облыстық ғылыми конференциясында қорытындыланбақ. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады. Пiкiрлер (0)
|
|