|
19 Наурыз 2010, 13:55 «Жас отандықтар» Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмекке аттанбақ АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Алдағы мамыр айында Қазақстанның барлық аймағындағы «жас отандықтардан» құралған студенттік құрылыс отряды, Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен Ақсу ауданына аттанбақ. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Орта білім департаментінің директоры Нұрғали Аршабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Н.Аршабековтың айтуынша, «Жасыл елдің» еңбек және студенттік құрылыс жасақтары апат салдарынан болған залалдың көлемін ескеріп, өңірдегі жағдайды жедел жақсарту ісіне өздерінің үлестерін қоспақ. Осы мақсатта ағымдағы жылғы мамыр айының 20-сынан бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп «жас отандықтар» атты жобаны жүзеге асыратын болады. Аталмыш жоба шеңберінде Алматы облысына 200 сарбаздан тұратын студенттік құрылыс жасағын жіберу жоспарланып отыр. Жасақтың құрамына еліміздің барлық өңірінен жастар тартылады. Пiкiрлер (0)
|
|