КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.03.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 13:50
Туды, Елтаңбаны, Әнұранды қалай қастерлесек, мемлекеттік тілді де солай қадірлеуге міндеттіміз - Мәжіліс Төрағасы
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Туды, Елтаңбаны, Әнұранды қалай қастерлесек, мемлекеттік тілді де солай қадірлеп-қастерлеуге міндеттіміз. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми конференция барысында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы: «Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл ретте, ең алдымен қазақ азаматтарының намысына салмақ салмай болмайды. Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс» - деген еді. Бүгінгі тіл туралы әңгімеде мен осы сөзді тағы бір естеріңізге салғанды жөн көрдім. Бізге жетіспей жатқаны басқаларға үлгі болатын осындай қасиет. Өз елінің патриоты сол елдің тілін, тарихы мен мәдениетін білуге ұмтылады. Бір тілдің төңірегінде топтасқан халық қана ортақ мақсатқа ойдағыдай қол жеткізе алады. Туды, Елтаңбаны, Әнұранды қалай қастерлесек, мемлекеттік тілді де солай қадірлеп-қастерлеуге міндеттіміз. Мемлекеттік нышандарға, мемлекетке құрметімізді осылай білдіруіміз керек. Елді құрметтеген адам ғана сол елдің өсіп-өркендеуі мен гүлденіп көркеюіне мүдделі болып, соған білек сыбанып кіріседі. Елдік нышандарды дәріптеу ерлікке де бастайтын қасиет. Ендеше, ел азаматтары оны әрдайым есте ұстағаны абзал», деді Мәжіліс Төрағасы.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.