КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.20.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 13:43
Астана әкімдігі Қызылағаш ауылының су тасқынынан зардап шеккен азаматтарына 50 миллион теңге аударды
 АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Астана қаласының әкімдігі Қызылағаш ауылының су тасқынынан зардап шеккен азаматтарына көмек қорына 50 миллион теңге аударды. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде аталған елді мекенге гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында аттанған автокеруенге орай өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков мәлім етті.

«Қайғылы хабар тараған кезден бастап қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасымен Астана әкімдігі осы гуманитарлық көмекті жинауға кірісті. Сонымен қатар осындай апаттың мәлім және беймәлім тұстарын қамтыған кешенді әзірлік жасалды. Сондықтан бүгінгі қайырымдылық көмек қаржылай және материалдық-тауарлық түрде. Атап айтқанда Астана қаласы әкімінің резервінен 50 миллион теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат қазіргі уақытта Алматы облысында ашылған арнайы банк шотына аударылды», деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ әкім орынбасарының атап өтуінше, қалалық әкімдіктің, сондай-ақ аудандық құрылымдардың да қызметкерлері бұл шарадан тыс қалмаған.  Олар өздерінің 2 миллион  350 мың теңгені құрайтын бір күндік еңбекақыларын осы төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы көмек қорына аударған.

«Дегенмен біз қаржылай көмектермен ғана шектеліп отырған жоқпыз. Бүгін ірі жүк көліктерінен құралған автокеруенді жөнелткелі отырмыз. Бұл автокеруенді жабдықтау барысында зардап шеккен азаматтарға қажетті тауарларды мейлінше мол қамтуға көңіл бөлдік. Онда уақытша электр жарығымен қамтамасыз етуге арналған дизелді генератор, қажетті кабель, лампа, тұрғындардың жөндеу жұмыстарына кірісуге мүмкіндік беретін бірқатар құрылыс матералдары да бар. Сондай-ақ біз азық-түлік тізбесін де молынан қарастырдық, тіпті балалар тағамы да жөнелтілуде», деді Қ.Сұлтанбеков.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.