
|
19 Наурыз 2010, 13:34 Қазақстан Оңтүстік Кореямен үлкен көлемдегі астықты экспорттау бойынша келісімшартқа қол қойды ![]() АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Оңтүстік Кореямен үлкен көлемдегі астықты экспорттау бойынша келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстандағы Германия инвесторларының үшінші форумында Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгении Аман мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жауапты хатшы таяу күндері аталған келісімшартқа қол қойылғанын айта келе, астықтың көлемі жайлы нақтылаған жоқ. Сонымен бірге ол Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай мен Қара теңіз порттарына астықты жеткізу үшін көлік шығындарын арзандату мәселесін қарап жатқанын айтып өтті. Е. Аманның сөзіне қарағанда, бұл қадамдар астық сатудағы әлеуетті нарықтардың азаюына байланысты болып отыр. Осыған орай ведомство басқа нарықтарды игеру мәселесін қарастыруда. Пiкiрлер (0)
|
|