|
19 Наурыз 2010, 13:05 Батыс Қазақстанда ауылдық жердегі жұмыссыздар саны 20,3 пайызға азайды ОРАЛ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы наурыздың 1-іне дейін жұмыспен қамту органдарында 2812 жұмыссыз тіркелген, бұл өткен жылғыдан 14,8 пайызға аз. Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ауылдық жерде 1727 жұмыссыз болса, бұлардың саны 20,3 пайызға кеміген. Жұмыссыздардың 64,7 пайызы - әйелдер. Өткен жылғы екі аймен салыстырғанда, олардың да саны 13,9 пайызға қысқарған. Жыл басынан бері жұмысқа орналасу жөнінде 3177 адам өтініш білдірген, бұл өткен жылғыдан 8,8 пайызға артық. 113 адам кәсіптік біліктілігін арттыруға жіберілсе, 1993 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. Пiкiрлер (0)
|
|