КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.22.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 12:59
Қазақ мектептерінің беделі мен атақ-абыройын түрік лицейлеріндей асқақтатуға күш салу қажет - Мәжіліс Төрағасы
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақ мектептерінің беделі мен атақ-абыройын түрік лицейлеріндей асқақтатуға күш салу қажет.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі» атты ғылыми конференция барысында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тілге қатысты тағы бір назар аударатын жайт - ендігі жерде саны ұлғайған қазақ мектептерінің беделі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі. Рас, қазақ мектептерінің әртүрлі жарыстарда алып жүрген орындарына, басқа да көрсеткіштеріне қарағанда, өзге мектептерден кем емес сияқты. Ал байыбына барып қарайтын болсаңыздар, бұл көрсеткіштер негізінен жекелеген қабілетті балалардың үлесіне тиіп жүргенін көреміз. Құдайға шүкір, қазақтың дарынды балалары аз емес. Бірақ, менің айтпағым - қазақ мектептерінің жалпы деңгейін көтеру. Жасыратыны жоқ, баласын қазақ мектебіне намысқа тырысып беріп жататын жағдайлар да аз емес. Осының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады. Қазақ мектептерінің беделі мен атақ-абыройы біздегі түрік лицейлеріндей асқақтап тұрса, қазақ қана емес басқа ұлт та баласын қазақ мектебіне беруге ынталы болар еді. Қазақ мектептерінің қажетіне баса көңіл бөлініп отырған дәл қазіргідей кезеңде олардың деңгейін мейлінше көтеру - осы салада қызмет етіп жүрген барша азаматтарымыздың қастерлі міндеті әрі ұлт алдындағы парызы», деді О. Мұхамеджанов.  

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік тілді лайықты деңгейде оқытып-үйретуді аралас немесе басқа тілде оқытатын мектептерден де талап ету керектігін атап өтті.  «Өзге ұлт мектептерінде оқитын балалар мектеп бітіргенде қазақ тілін игеріп шығатын жағдайға қол жеткізуі тиіс. Жоғары оқу орындарында да қазақ тілін оқытудағы мақсат осындай болуы шарт», деді ол.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.