КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.58.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 12:34
Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығы көлемі 2009 жылы 90 миллиардқа жуық теңгені құрады - Бақытжан Битеміров
АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығының көлемі    былтыр 97 -ден 90 миллиард теңгеге дейін төмендеді.    Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан  «Software Engineering Summit-2010 Қазақстан» форумында айтылды, 

 деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Дамушы салалар департаментінің жоғары технология саласы басқармасының бастығы Бақытжан Битеміровтің айтуынша,  оған  экономикалық белсенділіктің төмендеуі өз ықпалын тигізді. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпаратық технологиялық қызмет шығындарында компьютерлік құрал-жабдықтардың үлесі біршама. Мәселен компьютерлік құрал-жабдықтар шығыны  ақпараттық технологиялар қызметі шығынынан 5 есе жоғары.    Егер оны нақтылайтын болсақ компьютерлік құрал-жабдықтар шығыны 69 миллиард теңгені құраса, ақпараттық технологиялар қызметінің шығыны 14 миллиард теңгені құрап отыр.

«Ақпараттық технологиялар шығындарының жалпы көлемінің 75 пайыздан астамы ақпаратық технологиялық құрал-жабдықтарды өндіру мен тарату секторының  үлесіне тиеді. Ол қазақстандық қоғамды ақпараттандыру үрдісі компьютер, желілік және перифериялық компьютерлік құрал-жабдықтарға сұраныстың өсуіне әсер етуде.  Сектордың басты ерекшелігі оның импортқа тәуелділігі болып отыр», дейді Б. Битеміров. Оның сөзіне қарағанда,   бағдарламалық қамтамасыз ету нарығындағы отандық компаниялардың үлесі 5 пайызға да жетпейді. Былтыр бұл нарықтың көлемі 7 миллиард теңге болып,   2008 жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмен болды. Ал  14 миллиард теңгені құраған  ақпараттық технологиялық қызмет нарығы   алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 пайызға төмендеген.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.