|
19 Наурыз 2010, 12:21 Шығыс Қазақстанда барлық республикалық трассалар жабылды ӨСКЕМЕН. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Күн райының қолайсыздығына байланысты, Өскеменнен Семей, Шемонаиха, Риддерге баратын жолдардан басқа барлық республикалық маңыздағы тас жолдар жабылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен. Ал облыстық трассаларға келер болсақ, тек Өскемен -Тарғын-Самара, Күршім-Қалжыр, Семей-Қарауыл, Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха жолдарында ғана қозғалыс жабық. Пiкiрлер (0)
|
|