КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.56.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 12:13
Шығыс Қазақстанда өткен тәулікте Тарбағатай ауданындағы жағдай біршама ушықты
ӨСКЕМЕН.  Наурыздың  19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ -   Шығыс  Қазақстан құтқарушылары  өткен тәуліктерде  19  апатты-құтқару    шараларын   жүргізді,   оның   тоғызы  су басып қалу  қаупімен     байланысты.    Төтенше жағдайлар   бөлімшелері     жергілікті әкімдікпен   және полициямен  бірлесіп  5 мыңнан  астам адамды қауіпсіз  жерге көшірді, 

 деп   хабарлады   ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Құтқару   операциялары    Ұлан,    Зайсан,  Тарбағатай, Абай, Қатонқарағай    аудандарының елдімекендерінде  жүргізілді.

Тарбағатай ауданында  Көкжыра  ауылын су басып қалды,    онда аудан  әкімдігімен  бірлесіп  құтқару  шаралары  жүргізілуде.   Ал Тана ауылынан  Ақсуатқа  300 адам көшірілді.  Ауданның тағы  21  ауылындағы  жағдай     ушығып отыр.   Сондай-ақ  Қарағанды-Аягөз-Бұғаз   республикалық тас жолында   Қызыл кесек   ауылындағы көпірдің  тіректерін  су  шайып кетіп  отыр.    Аудандағы құтқару   жұмыстарына   123 техника  және  998  адам   жұмылдырылған.    Бүгінгі     күнгі жағдай  бойынша,  ауданнан  4 220 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Ұлан  ауданындағы Алмасай ауылында   жол бойында орналасқан  18 үйдің  қора-қопсыларын   су басып  қалып  отыр,   қазір онда  арнайы техника жұмыс істеуде.

Күннің  күрт жылынуы салдарынан    Уланка өзені  мен онда  орналасқан     бөгеттер  каскадында  судың  деңгейі  көтеріліп,      соның салдарынан Завидное,  Казачье,    Герасимовка  селоларында 364   үй  су басып қалуы ықтимал  аумақта  тұр.      Селолардан  906 

адам қауіпсіз  жерге көшірілді.

Ал Зайсан  ауданындағы  Шілікті селолық  округінде   34 үйді су басты,       тұрғындар  туыстарының  үйлеріне  және  мектеп  ғимаратына   жайғастырылды.    Округпен  байланыс  үзілді, жол жоқ.    Бүгінгі  күнгі   жағдай  бойынша,  Тасбастау ауылынан Зайсанға дейінгі    60 шақырым жолдың тек 2 шақырымы  ғана  аршылды.   Күн   райының    10 градусқа дейін   төмендеуіне  байланысты,  ондағы жағдай  біршама  қалыпта   түсті. 

Күршім ауданында  50 үйді су басып қалған.  Жергілікті  тұрғындар  суды  өз  күштерімен бұруда,     оқиға орнында  техника мен   арнайы  қызметтер  жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, наурыздың өткен 17-сі күні кешқұрым еріген қар мен жиналған судың мол болуынан Қарауыл ауылынан 500 метр қашықтықта орналасқан сазбалшықтан жасалған дамбы суы (дамбының ұзындығы 2,5 шақырым) арнасынан шығып, 60 үйді басқан болатын. Осы күні төтенше жағдай орнынан 200 адам көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгінгі    таңғы сағат  үште  ол жерге    Семей қаласының  төтенше  жағдайлар басқармасының басшылары келді.  Ауылда    су тасқынына қарсы    штаб жұмыс істеуде, апат салдарын   жоюға   20  техника жұмылдырылды. 

Ал Қатонқарағай  ауданындағы  Берел    ауылында  - 2 үй,    Черновая селосында  6 үй су  жолында   қалып қойды.  Бүгін таңертең     олардың   салдары  жойылды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.