
|
19 Наурыз 2010, 11:59 Альберт Рау Германияның автоконцерндерін Қазақстанда өндірістер ұйымдастыруға шақырды ![]() АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау немістің автоконцерндерін Қазақстанда автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін жолға қоюға шақырды. Бұл туралы бүгін ол Қазақстандағы Германия инвесторларының форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы тұрғыда вице-министр Кедендік одақ аясында Ресей автоөнеркәсібі дамыған мемлекет ретінде Қазақстан мен Беларусқа қарағанда тиімді жағдайда тұғырланып тұрғандығын ескеріп өтті. Атап айтқанда А. Рау өнімді бұдан әрі Кедендік одақ, сондай-ақ үшінші елдерде сату мақсатында аталған елдің автокөлік шығарушыларын еліміздің аумағында көліктердің және ауыл шаруашылығы техникаларының өндірісін ұйымдастыруға шақырды. «Біз бұл өнідірістерді Қазақстан аумағында орналастыру тұрғысындағы шараларды қарастырғымыз келеді»,-деп атап өтті ол. Пiкiрлер (0)
|
|