|
19 Наурыз 2010, 11:44 Қарағанды облысында Алматы-Екатеринбор жолының учаскесіндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында су шайып кетіп, соның салдарынан шұңқыр пайда болған Алматы-Екатеринбор тас жолының 499-шы шақырымындағы жөндеу-қалпына келтіру жқмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Наурыздың 19-ы күні, сағат 7.30-дан бастап көлік қозғалыстары жанданды. Барлық бағыт бойынша автожолдар ашылды», делінген департаменттің хабарламасында. Бұдан бұрын хабарлағандай, сәрсенбі, наурыздың 17-сі күні кешке Алматы-Екатеринбор тас жолының учаскесінде, Сарышаған кентінің маңында қызылсу жүріп өткен болатын. Жедел қабылданған шаралардың арқасында жол төсемін және Сарышағандағы тұрғын үйлерді су басып қалу қаупінің алды алынды. Бірақ, Алматы-Екатеринбор тас жолының 499-шы шақырымында біраз жердің жол төсемін су шайып кетіп, ұзындығы 11 метрдей шұңқыр пайда болған еді. Пiкiрлер (0)
|
|