КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.27.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 11:28
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында электр желілері толығымен қалпына келтірілді
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында күшті желдің салдарынан жарықсыз қалған 6 мың абоненттің электр желілері толығымен қалпына келтірілді,

 деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Наурыздың өткен 17-сі күні түскі сағат 12 шамасында секундына 25-28 метр жылдамдықпен дауылдап соққан жел 110 киловатты жоғары қуатты желінің екі діңгегін құлатып, оның салдарынан Ұлытау, Сарлық, Қорғасын, Сарытоған, Егінді, Алғабас және Қаракеңгір елді-мекендерінің 6 мыңға жуық абоненті жарықсыз қалғаны хабарланған болатын.

Осы күні сағат 17.10-да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталып, тұтынушылар энергия көзіне қосылды. Төтенше жағдайды жоюмен «Жезқазған энергия тарату компаниясы» АҚ айналысты.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.