КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.19.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 10:55
Оралда мектеп оқушылары арасында облыстық олимпиада өткізілуде
ОРАЛ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде мектеп оқушылары арасында облыстық олимпиада өткізілуде.

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сабыровтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, білім сайысына аудандар мен қаладан үшінші турға іріктеліп келген 363 үміткер қатысуда. Олар барлығы 13 пәннен білімдерін сынауда. Екі күнге созылатын олимпиада бүгін қорытындыланады.

Жеңімпаздар төртінші турға өтіп, олардың жұмыстары сұрыптаудан өткізіледі. Республикалық байқауға өткендер сәуір айында Қызылорда қаласында болатын бесінші турда бақ сынайды.

Сонымен қатар Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешені базасында наурыздың 25-30-ы аралығында шетелде тұратын қазақ балалары үшін «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» деген тақырыпта жетінші халықаралық олимпиада өткізілгелі отыр. Онда оқушылар қазақ тілі мен әдебиетінен сынға түседі.  Қазірдің өзінде Қытай, Ресей, Франция елдерінен қатысам деушілер бар.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.