КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.46.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 09:44
АҚШ Конгресінің кітапханасында Наурыз мейрамы атап өтілді
 АСТАНА.  Наурыздың  19-ы. ҚазАқпарат  - Наурыздың 17-сі күні   АҚШ Конгресі  кітапханасының    бас  залында   Наурыз  мейрамының    құрметіне   арналған  салтанатты  дипломатиялық    қабылдау   өтті.

Бұл  шараға      халықтары    осынау Ұлыстық Ұлы күнін   атап өтетін    елдердің  Вашингтонда  тіркелген елшіліктері  атсалысты, деп   хабарлады     Қазақстанның  АҚШ-тағы  елшілігінің баспасөз қызметінен. 

 Салтанатты  қабылдауға  қатысқан  АҚШ-тың  ресми тұлғалары,   конгресшілер,  дипломатиялық корпустың,  іскер және  академиялық топтардың    өкілдері   ұлттық мәдениет пен  салт-дәстүр  жәдігерлері қойылған  «қазақ  бұрышына»,    сондай-ақ     Қазақстанда Наурыз мейрамының  тойлану   дәстүрі  туралы   деректер    ілінген      танымдық стендке  жоғары баға берді.    Американдық  қонақтар  сонымен бірге,   Наурыз-көже  дайындау барысымен  танысу  және  көжеден  дәм тату    мүмкіндігіне  ие  болды.

 Қабылдаудан  кейін   кітапхананың концерт халында    мерекелік концерт қойылды. Онда  АҚШ-та білім алып    жатқан   жас дарындар Олжас Баялбаев (домбыра) пен  Айжан Төлеубаева (қобыз)  өнер көрсетті. Кеш  қонақтары қазақстандық студенттердің   тамаша  өнеріне  тәнті  болды. 

 1800   жылы құрылған   Конгресс  кітапханасы    АҚШ-тың байырғы   мәдени мекемесі  және білім мен ілімнің   әлемдегі  ең  үлкен   қоры   болып  табылады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.