КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.07.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 09:31
Көкшетау қалалық сотының шешімімен пара алған лауазым иесі үш жылға бас бостандығынан айырылды
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қалалық сотының шешімімен Ақмола облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы пара алу кезінде қолға түсіп, үш жылға бас бостандығынан айырылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 П.есімді мемлекеттік қызметші жеке кәсіпкердің үстінен қозғалған әкімшілік істі жауып, алдағы уақытта «қамқоршы» болу қызметін 190 мың теңгеге бағалап, еңбегіне осынша сыйақы тағайындаған. Кәсіпкер қаржы полициясына өтініш жасап, күдікті айғақты дәлелдермен қолға түскен болатын. Осы заңсыз әрекетіне орай лауазым иесінің үстінен ҚР ҚК-сінің 311-ші бабы 2-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген. Сотта қаралған қылмыстық әрекет толықтай дәлелденіп, сыбайлас жемқорлықтың барлығы анықталды. Сот шешімімен жазасын өтеушінің мемлекеттік органда бес жылға дейін қызмет етуге болмайтыны турасында үкім шығарылды.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.