КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.26.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 09:23
Қазақстан Елшілігі Мадридте өткен «Кермес» қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
АСТАНА. Наурыздың  19-ы.    ҚазАқпарат -   Мадридте   Патшайым Софияның     қамқорлығымен   «Кермес»   атты қайырымдылық   жәрмеңкесі  өтті.

 Оған    Испанияда тіркелген    52  шетелдік дипломатиялық  миссия қатысты,   олардың  қатарында Қазақстан    Республикасының  елшілігі  де  бар,  деп  хабарлады  сыртқы саясат  ведомствосының баспасөз   қызметінен.

 Көрмедегі  қазақстандық стендке   келушілер   қолданбалы өнер туындыларына,    ұлттық  киім   үлгілері мен   киізден,  теріден,  ағаштан жасалған  қолөнер  туындыларына   қызығушылық танытты.    Сондай-ақ  қазақстандық стенд  ұлттық дәм түрлері    қойылған бай  дастархан  жайды. 

 Отандық дипломаттар    жәрмеңке   аясында   қазіргі  заманғы Қазақстанға  арналған  фотокөрме де  ұйымдастырды.  

 Қазақстандық стендке  ат басын тіреген  София Патшайым   онда  қойылған  барлық  туындыларымен  егжей-тегжейлі танысты.  Қазақстан  Елшісі Ерғали  Бөлегеновпен    болған  әңгімесінде,  Патшайым,    қазақстандық  тараптың  көрмеге  жоғары деңгейде атсалысып отырғанын  атап көрсетті   және  белсенділігі  үшін  өз алғысын білдірді. 

 «Кермес»  жәрмеңкесі  жыл сайын өтеді  және одан түскен     қаржы     София  Патшайымның     Қайырымдылық қорына беріледі.  Биыл түскен  қаражаттың    біраз бөлігі    Гаити мен  Чилидегі  зілзала құрбандарына көмекке   аударылмақ.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.