КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.32.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
19 Наурыз 2010, 08:35
Көкшетауда Наурыз мейрамын жоғары деңгейде өткізуге жан-жақты дайындық жүріп жатыр
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 19-ы.ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласында Наурыз мейрамы бүкілхалықтық той-думанға айналатын болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Сәбитованың айтуынша, қазірдің өзінде білім ошақтарында, мәдениет орындарында, спорт кешендерінде мерекелік іс-шаралар қолға алынып, көпшілік сипат алуда.Жоғары және арнаулы оқу орындарында «Наурыз думаны» тақырыптық кештер, зағиптар қоғамында « Наурыз келе жатыр, күмбірлесін домбыра, тартылсын қобыз» театрландырылған қойылым, кітапханаларда «Ғасырдан жеткен құт береке» тарихи шолу кездесу, «Көкшетау», «Көкше» мәдениет үйлерінде «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» ойын-сауық кештері, мектеп жасына дейінгі мекемелерде «Ұлыстың ұлы күні наурыз» мерекелік қойылымдар белгіленген. «Юбилейный» спорт кешенінде, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің спорт залында, аулалық спорт алаңдарында спорттық сайыстар өткізілмек. Наурыз мейрамы күні облыс орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында «Жаңа күннің жаршысы» театрландырылған қойылым, қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, мерекелік концерт өткізілетін болады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.