|
19 Наурыз 2010, 08:40 Павлодар мемлекеттік университетінде қазақ тіл білімінің 45 томдық антологиясы жарық көрді ПАВЛОДАР. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Наурыздың 18-і күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақ тіл білімі антологиясының таныстырылымы болды. 45 томдық басылымда қазақстандық ғалымдардың, жоғары оқу орны оқытушыларының және «Қазақ тілі» қоғамы белсенділерінің қазақ тіліне арнаған зерттеулері мен мақалалары жарияланып отыр. Университет ректоры Ерлан Арын мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға қосқан үлестері үшін ардагерлер мен жас ғалымдарға наградалар және сыйақылар табыс етті. Таныстырылымға қатысушылар студенттердің «Жастар ауылында» әз-Наурыз мейрамын тойлады. «Жастарымыздың өз тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жақсы білетіні көңілге қуаныш ұялатады», дейді университет проректоры Мейрам Бегентаев. Пiкiрлер (0)
|
|