|
19 Наурыз 2010, 08:19 Павлодар пединститутында Алматы облысындағы апаттан зардап шеккендерге көмектесуге арналған «Біз біргеміз!» акциясы басталды ПАВЛОДАР. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Алматы облысында болған қайғылы оқиғаға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мен оқытушылары да үн қатып отыр, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен. Институтта наурыздың 15-інде «Біз біргеміз!» атты қайырымдылық акциясы басталды. «Біз адамдарға көмектескіміз келеді», -дейді институттың тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Серік Елікбаев. Акцияның алғашқы күні 200 келіден астам жарма, ұн, қант өнімдері, сондай-ақ жылы киімдер жиналды. «Әр адам қоғам алдындағы өз борышын ұмытпауы керек, солай болған жағдайда ғана, біз адам болып қаламыз», деп санайды 4-ші курс студенті Николай Антипов. Жиналған азық-түліктер мен киімдер апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті жеткізуді ұйымдастырып отырған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына жөнелтілуде. Пiкiрлер (0)
|
|