КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.43.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
19 Наурыз 2010, 08:25
Ақмола облысының экономикасына жыл басынан бері 5 млрд. теңге инвестиция тартылды
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысының экономикасына ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айында бес миллиард теңге төңірегінде инвестиция тартылды,

бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 26,6 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.

 Осы уақыт аралығында қарастырылған қаржының 58,7 пайызы кәсіпорындар мен жекелей құрылыс жүргізушілер үлесіне тиесілі .Сонымен бірге 28,5 пайызы - республикалық бюджеттен, 2,7 пайызы - жергілікті бюджеттен, 10,1 пайызы қаржыландырудың басқа көздерінен тартылған. Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда инвестицияның өсімі Көкшетау қаласында - 4,4 есеге, Есіл ауданында - 6,3 есеге, Зерендіде - 5,4 есеге, Астраханда - 4,1 есеге артса, Аршалы ауданында 13 пайызға тең. Инвесторлар қаржысы негізінен балық, орман және ауыл шаруашылықтарын, көлік пен қойма саласын дамытуға бағыттаған.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.