КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.42.2012  
И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
18 Наурыз 2010, 20:39
Мемлекеттік комиссияның шешіімен 22 құрылыс компаниясына Алматы облысында 192 үйді салуға сәулеттік жобалар берілді
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ақсу аудандағы табиғат апаты салдарын жою жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын жалғастыруда,

деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі. .

22 құрылыс компаниясына 192 үйді салуға сәулеттік жобалар берілді. Ауданы 70-80-90 шаршыметрлік кірпіш үйлер  15 сотық жер учаскелерінде салынады. Құрылыста жергілікті құрылыс материалдары (цементтен басқасы) пайдаланылады. Қажетті кірпіштерді облыста орналасқан жергілікті зауыттар жеткізіп тұрады. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін орында құрылыс материалдарының сапасын тексеретін зертхана жұмыс істейтін болады. Арнайы мамандықты қажет ететіннен басқа құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылады. Құрылыс тәулік бойы екі ауысымда жүргізіледі және жазғы кезеңде аяқталады. Қызылағаш, Егінсу, Құмтөбе, Көлтабан және Ақтоған елді мекендерінде барлығы 686 үй бүлінді және олар қалпына келтірілуі тиіс.

Бұдан басқа Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері Қызылағаш ауылында 20 үй (он-оннан) салуға өздеріне міндеттеме алды.

Уақытша автомобиль көпірі құрылысында Жамбыл облысының бригадалары және 10 бірлік техника жұмыс істеуде.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.