|
18 Наурыз 2010, 19:44 Щучье балалар үйінде тәрбиеленушілерге тиесілі қаржының 2,5 миллион теңгесі қолды болған КӨКШЕТАУ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров / -Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында орын тепкен Щучье балалар үйінде тәрбиеленушілердің есеп-шотындағы екі жарым миллион теңге қаржысы талан-таражға түскендігі анықталып, тиісті анықтама шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Прокурорлық қадағалау барысында жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды асырау және тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыратын мекемеде балғындардың жинақталған ақшасы мекеменің қажетіне жаратылғандығы, қаржыны бей-берекет жұмысау сынды оралымсыздықтар анықталған. Тексеруге орайластырыла өткізілген брифингте атап көрсетілгендей, мұнда үш жасқа дейінгі балалар саны-39, олардың 16-сы мүгедек балалар. 2008 жылы 13 мүгедек баланың есеп-шотынан 1349,3 мың теңге, келер жылы 17 жарымжан балғын есеп-шотынан 1334 мың теңге мекеме кассасының кірісіне алынған. Қорғауға алынған балалардың банктік қаражаттары мекеме керегіне жаратылған. Тексеріс нәтижелері бойынша балалардың мүддесіне байланысты ҚР АГЖК 55-б. тәртібінде сотқа жолдау үшін талап арыз материалдары, ұсыныс әзірленіп, ҚР ҚК-сінің 307-б.2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Пiкiрлер (0)
|
|