|
18 Наурыз 2010, 19:40 Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық аумақтарды дамытудың аймақтық бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысында 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың аймақтық бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Осы кезеңде ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғарылады, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау нысандары салынды және жаңартылды, мектепке дейінгі балалар мекемелері көбейді. 2009 жылдың басына дейін 711 елді мекеннің 400-і әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейіне сәйкес болды. Бағдарламаны жүзеге асыру басталған 2004 жылмен салыстырғанда, мұндай ауылдардың саны 33,7 пайыздан 56,2 пайызға дейін көбейді, бұл республикалық көрсеткіштен 21,3 пайызға жоғары. 2007-2009 жылдар ішінде ауылдық аумақтарды дамытуға 40,6 млрд. теңге бағытталды. Бұл жылдарда 11 білім беру нысаны, 4 денсаулық сақтау орны, 65 сумен жабдықтау нысаны, 26 шақырымнан астам жергілікті жолдар салынды және жаңартылды. Бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы ауылдық жерлердегі мектепке дейінгі мекемелер 31-ден 316-ға өсті, ауылдардың 94 пайызы денсаулық сақтау нысандарымен қамамасыз етілді. Пiкiрлер (0)
|
|