КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.17.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 19:20
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен Үндістанның Ұлттық кадет корпусы кадеттері арасында мәдени алмасу шарасы өтті
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің бастамасымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасы студенттері мен Үндістан Республикасының Ұлттық кадет корпусы кадеттері арасында мәдени алмасу шарасы өтті,

деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

2010 жылғы қаңтарда Үндістан Республикасы күнін мерекелеу ауқымында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері Үндістанның ұлттық кадет корпусында, Дели қаласындағы ұлттық мұражайда және әлемге танымал «Тәж-Маһал» кесенесінде болған еді.

Енді Астанаға жауап сапармен Ұлттық кадет корпусының кадеттері келді. Олар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, профессор Б.Әбдірайыммен кездесті, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында болып, тәжірибе алмасты және үнділік қонақтар қазақстандық студенттермен бірге әскери-патриоттық тәрбие мәселелерін талқылады.

Үндістанның Ұлттық кадет корпусының тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында, Тәуелсіздік сарайына, «Астана-Бәйтерек» монументінде, «АЛЖИР» кешенінде болды, ал наурыздың 22-сі күні олар елордадағы Наурыз мейрамын мерекелеу шараларына қатысады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.