КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.23.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
18 Наурыз 2010, 19:04
Наурыз мейрамы Семейде қаланың бес ауданында аталып өтеді
СЕМЕЙ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Наурыз мейрамы Семейде халық тығыз орналасқан бес ауданда өтеді.

Орталық алаңда және Әуезов алаңында, теміржол вокзалы, силикат зауыты маңында және «Көктем» базарында 40-тан астам киіз үй тігіледі. Әрбір киіз қалашығының өз атауы болмақ. Айталық, мереке күні семейліктер Абай, Шәкәрім, Әуезов, Алтынсарин және Алашорда ауылдарында болады.

Наурыз мейрамына әзірлікті ұйымдастыру комиссиясы киіз қалашықтарын безендіруге талаптар қойды. Ең таңдаулы киіз үй байқауында оның ішкі жасаулануы, қазақ халқының қолданбалы өнерін көрсетуі, дәстүрлер мен салттарды бейнелеуі ескеріледі. Барлық алаңдарда наурыз-көже таратылып, ұлттық тағамдар ұсынылады.

Мереке наурыздың 22-сі күні орталық алаңдағы театрландырылған шеруімен басталады. Бұл күні сондай-ақ арнайы алаңдарда спорт сайыстары, көркем шығармашылық және қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі, көркемөнерпаздар ұжымдары мен ұлттық-мәдени орталықтардың концерттері жоспарланып отыр.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.