КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.24.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 17:49
Имамдар жастарға Мәуліт айының діни маңыздылығын ашып берді
 АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мұхаммед пайғамбар туған Мәуліт айы мерекесіне арналған «Мәуліт және имандылық» тақырыбында Астана қаласы «Нұр Астана» мешітінің имамдары мен студенттердің кездесуі өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуді ашқан университеттің проректоры Дихан Қамзабекұлы Мәуліт айының маңыздылығы мен жалпы ислам дінінің қоғамдық рөліне  тоқталды. «Біз, қазақ халқы 2,5 ғасыр бойы отаршылдықта болған елміз. Бұл - кез келген ұлттың тарих сахнасынан жоғалып кетуіне әкеліп соқтыратын кезең. Бірақ біз өз ұлттығымызды сақтап қалдық. Себебі иманымызды шүберекке байлап отырып, ұлттық болмысымызды осы күнге дейін жеткіздік. Сол кездері мешіттің атқарар қызметі зор болды. Білім де, ғылым да, дін де сол жерде шоғырланды. Ал қазіргі кезде оның бәрі бөлінсе де, имандылықтың бастауы - мешітті ұмытпау қажет», - деді өз сөзінде Д.Қамзабекұлы.   

Жиын барысында «Нұр Астана» мешітінің  имамдары Мәуліт айының мән-мағынасы туралы баяндады. Сондай-ақ іс-шара барысында жас ақындардың орындауында хадистер оқылып, Мұхаммед пайғамбарымыз соңғы өсиеттеріне арналған деректі фильм көрсетілді.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.