КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
10.27.2012  
«Үшарал - Достық» автожолында көлік қатынасы шектелді - көлік және коммуникация министрлігі Ғаламдық экологиялық қор Қазақстандағы жобаға 5 млн. доллар бөліп отыр Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов

 
18 Наурыз 2010, 17:15
Жыл басынан бері прокурорлар 1,5 миллиард теңгеден асатын айлық жалақының төленуіне ықпал етіп, 32 мың еңбеккердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Прокуратура органдары азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері олар азаматтардың 1,5 миллиард теңгеден асатын айлық жалақыларын алуына ықпал етіп, 32 мың еңбеккердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

 Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәлет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның деректері бойынша, Алматыда прокурорлардың ықпалымен «Темірбетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері 400 жұмысшының 10 миллион теңгеден асатын айлық жалақылары  бойынша қарыздарын өтеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы «Краснополянское» серіктестігі жұмысшыларға 12 миллион теңге көлеміндегі берешектерін қайтарды. «Азаматтардың еңбек құқықтарын бұзғандарды жауапқа тарту мәселесі прокуратураның басты назарында. Мысалы Атырау облысының Жылыой ауданының прокурорлары «Нұр Жылыой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісіне айлық жалақыны бірнеше рет кешіктергені үшін қылмыстық іс қозғады», деді ресми өкіл.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.