КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
09.25.2012  
Еуразия Ұлттық университетінде студенттік кинотеатр ашылады И.Тасмағамбетов: Астана мектептерінде оқушылардың электрондық куәліктері енгізіледі Қазақстан ТМД мен Қытай нарығына жол ашатын қақпаға айналды - Мемлекет басшысы Астанада лаңкестікке байланысты алаңдауға ешбір негіз жоқ - И. Тасмағамбетов Кентаудағы қазандықтар қалыпты жұмыс істеуде Жаңа заң бірде-бір сайттың жабылуына себеп болған жоқ - депутат М. Әбенов Атырау облысында темір жол қозғалысы қалпына келтірілді Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды Н. Назарбаев: ҚР мен ГФР арасында бірнеше млрд. долларды құрайтын елуге жуық коммерциялық келісімшарттың жасалуы - біздің қарым-қатынастарымыздағы нағыз серпіліс

 
18 Наурыз 2010, 17:12
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылағаш ауылындағы су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек ұйымдастырды
 АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылында орын алған су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсетуді ұйымдастырды.

 Бұл ақпаратты аталған ұйымның баспасөз қызметі таратып отыр.

«Еліміздегі барлық республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер, облыстық Достық үйлері жылы киімдер, азық-түлік, дәрі-дәрмек, балаларға арналған оқу құралдарын жинап, оқиға орын алған ауылға жеткізу жұмыстарын жүргізуде», делінген баспасөз баянында.

Сондай-ақ хабарламада Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның Алматы, Астана қалаларындағы, облыстардағы мүшелері зардап шеккен азаматтарға арналған арнайы қорға біркүндік жалақыларын, сонымен қатар аталған қорға ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Ассамблея атынан сайланған әрбір депутат 100 мың теңгеден қаржы аударғандығы айтылған.  

Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Алматы облысында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
Кодты енгізіңіз::*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.